Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысында бюджеттік ұйымдар үшін ауызсу бағасы қымбаттайды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап су тарифі тек бюджеттік ұйымдар үшін ғана қымбаттайды. Бұл туралы «Қостанай-Су» коммуналдық кәсіпорнының директоры Еркебұлан Файзуллаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

            Кәсіпорын директорының сөзінше, тұрғын үй секторлары үшін жаңа жылдан бастап суық су тарифі көтерілмейді.

            «Біздің кәсіпорын халықтың әлеуметтік тұрақтылығын нығайту бойынша біршама жұмыс атқарды. Бір жағынан тұтынушылар берешегі азайып, қаржыны игеру көрсеткіші артты. Сонымен қатар кәсіпорынға үкімет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отыр. 2019-2021 жылдарға бізге бюджеттен 10 млрд теңге қаражат бөлінді. Нәтижесінде 60 шақырым ауызсу құбыры жөнделді. Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыстық департаментінің бұйрығына сәйкес, тұтынушылар тізіміне кіретін қала тұрғындары, заңды тұлғалар, кәсіпкерлер мен жылу компаниялары үшін су бағасы сол қалпында қалады», - деді Еркебұлан Файзуллаев.

            Жаңа жылдан бастап, тариф тек бюджеттік ұйымдар үшін 33 пайызға көтеріледі. Осы ретте аталған ұйымдардың су және кәріз жүйелерін жабдықтауға бағытталған бірқатар жұмыстар жүргізіледі.

            Айта кетейік, 2019 жылы жалпы құны 658 млн теңгеге құбырларды ретке келтіру жұмысы жүргізілді. 

inform.kz

Дата публикации
25 декабря 2019
Дата обновления
25 декабря 2019
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Инфографика
19 декабря 2024
ЖЫЛУ ҮШІН АРТЫҚ ТӨЛЕМ ЖАСАМАҢЫЗ! ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ШЫҒЫНЫН 20%-ҒА АЗАЙТАДЫ
Инфографика
18 октября 2024
Қазақстанда және көрші елдерде жалақы есебінен коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсалады?
Бағыттар
21 мая 2024
Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы