Меню

Страницы

Статья

ҚР Ұлттық экономика министрі Ә. С. Қуантыровтың «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасын іске асыру туралы ҚР Үкіметінің отырысына баяндамасы

Өздеріңіз білетіндей, қазақстандықтарды жылумен, электр энергиясымен, сумен және басқа да коммуналдық қызметтермен үздіксіз қамтамасыз ету үшін еліміздегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымының қазіргі жай-күйін жаңарту қажет.

Сондай-ақ, осы саладағы еңбекақысы жылдар бойы көтерілмеген білікті мамандардың сыртқа кетіп жатқанын көріп отырмыз.

Осы мәселелерді шешу үшін министрлік «Тарифты инвестицияға айырбастау» бағдарламасын жүзеге асыруда. Оған сәйкес 2023-2029 жылдарға 62 мың шақырым инженерлік желілерді жаңғыртуға бағытталған шамамен 3 трлн. теңге инвестиция тарту көзделіп отыр.

Біздің есептеуіміз бойынша, бұл 2029 жылға қарай желілердің тозуын 20%-ке төмендетуге мүмкіндік береді.

Алдыңғы 2009-2015 жылдардағы «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы энергетика саласы объектілерінің инвестициялық тартымдылығын арттыру арқылы электр энергиясын өндіруді дамытуға ғана бағытталған болатын.

Қазіргі бағдарламасының бағыты айтарлықтай кең. Мәселен, ол электр энергиясын өндіруді дамытуға ғана емес, сонымен қатар барлық коммуналдық қызметтерді тұтынушыға жеткізуге, яғни желілерді дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, жаңа тарифтік саясатта тұтынушылардың мүдделерін қорғап, негізделген бағамен сапалы қызмет көрсету – басты назарда.

2023 жылы 5,8 мың км инженерлік желілерді жөндеуге шамамен 250 млрд. теңге сомасына инвестициялар тарту жоспарлануда.

Бұдан басқа, ағымдағы жылы электр энергиясын өндіруге тарифтің, кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысының, тауарлық газдың көтерме бағасының және көмір, мазут, жанармай сияқты стратегиялық тауарлар құнының өсуі тарифтер деңгейіне әсер ететін қосымша факторлар болып табылады.

2023 жылдың екінші тоқсанында Министрлік ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды өзгертуге 212 өтінімді қысқа мерзімде бекітті.

Нәтижесінде, тұтынушылар мен кәсіпорындар мүдделерінің теңгерімін ескере отырып, коммуналдық қызметтер тарифтерінің өзгеруі қалыпты болып, орташа есеппен 10-30% құрайды.

Бұл ретте халықтың осал топтары коммуналдық төлемдер үшін шығындардың бір бөлігіне өтемақы беру есебінен әкімдіктердің коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі көмегіне сене алады.

Бүкіл инженерлік инфрақұрылымның тозу деңгейі:

1) қызыл аймақ;

2) сары аймақ;

3) жасыл аймақ болып үш тәуекелдік топқа топтастырылды.

Осылайша, жылумен жабдықтауда желілердің тозу деңгейі жоғары қызыл аймақтағы кәсіпорындар үшін инвестицияларды тарту басым тәртіппен жүзеге асырылады.

Жылумен жабдықтау саласында 27 кәсіпорын бойынша тозу деңгейі 65%-тен асады, оның ішінде 24 кәсіпорын үшін инвестициялық бағдарламалар бекітілді.

Аталған салаға ағымдағы жылы 112 млрд. теңге инвестициялау жоспарда бар. 

Ағымдағы жылы күтілетін нәтиже ретінде желілердің тозуы 58%-тен 55%-ке дейін төмендеп, 2024 жылы қызыл аймақтан 6 кәсіпорын шығады деп көзделуде.

2 бөлмелі пәтер үшін жылу бойынша орташа есеп 1620 теңгеге немесе 20%-ға артады.

Электрмен жабдықтау саласында 19 кәсіпорын бойынша тозу деңгейі 70%-тен асады, оның ішінде 16 кәсіпорын үшін инвестициялық бағдарламалар бекітілді.

Аталған салаға ағымдағы жылы 92 млрд. теңге инвестициялау жоспарда бар.

Ағымдағы жылы күтілетін нәтиже ретінде желілердің тозуы 64%-тен 62%-ке дейін төмендейді деп күтілуде.

Орташа квитанция 660 теңгеге немесе 20%-ке ұлғаяды.

Сумен жабдықтау саласында 15 кәсіпорын бойынша тозу деңгейі 70%-тен асады, оның ішінде инвестициялық бағдарламалар 13 кәсіпорын үшін бекітілген.

Аталған салаға осы жылы 29,5 млрд. теңге инвестицияланады.

Ағымдағы жылы күтілетін нәтиже ретінде желілердің тозуы 63%-тен 58%-ке дейін төмендеп, 2024 жылы қызыл аймақтан 8 кәсіпорын шығады деп жоспарлануда.

Орташа пәтер квитанция 200 теңгеге немесе 25%-ке ұлғаяды.

Су бұру саласында 26 кәсіпорын бойынша тозу деңгейі 70%-тен асады, оның ішінде 23 кәсіпорын үшін инвестициялық бағдарламалар бекітілді.

Бұл саласында 2023 жылы 15,3 млрд. теңге инвестицияланады.

Ағымдағы жылы күтілетін нәтиже ретінде желілердің тозуы 74%-тен 71%-ке дейін төмендеп, 2024 жылы қызыл аймақтан 3 кәсіпорын шығады деп жоспарлануда.

2 бөлмелі пәтер үшін орташа есеп 220 теңгеге немесе 30%-ке ұлғаяды.

Осылайша, барлық коммуналдық қызметтер бойынша орташа есептің ұлғайы шамамен 3-4 мың теңгені құрайды.

Коммуналдық кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 22-бабына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда,

Бірінші – коммуналдық сала қызметкерлерінің, яғни сантехник, электрик, дәнекеушілердің жалақысын 50%-тен 100%-ке дейін көтеру. Осылайша, орташа жалақы сала мен өңірге байланысты 135 мың теңгеден 200-300 мың теңгеге дейін өседі. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 200 мыңға жуық жұмысшыға әсер етеді.

Екіншісі – иесіз желілерді кезең-кезеңімен беру.

Осылайша, 25 мың шақырымнан астам коммуналдық желі сенімгерлік басқаруға және коммуналдық меншікке берілуі тиіс.

Қабылданған түзетулер коммуналдық кәсіпорындардың иесіз желілерді ұстауға және пайдалануға жұмсаған шығындарын өтеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тұтынушылардың қамтылуын арттыруға және көрсетілетін қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда атап өтілгендей, жүргізіліп жатқан тарифтік реформа тариф құрудың бүкіл процесінің ашықтығы, есептілігі және жариялылығы қағидаттарына негізделеді.

Барлық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Табиғи монополиялар саласын реттеудің әрбір кезеңі «Монополист» электрондық базасында цифрландырылған.

Кәсіпорындардың сатып алулары да электрондық форматқа ауыстырылды.

Тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалануды бақылау жұртшылық пен техникалық сарапшыларды тарта отырып қамтамасыз етіледі.

Тұтынушының құқығы бұзылған жағдайда, оған уақытша өтемдік тарифтер енгізілетін болады. Ал, табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Осылайша, коммуналдық төлемдер негізсіз көтерілген жағдайда, қаражат тұтынушыларға кейінгі шоттардағы қайта есептеу арқылы қайтарылады.

Тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген тексеру нәтижелері бойынша материалдар құқық қорғау органдарына және капиталдың алынуын бақылайтын басқа органдарға, соның ішінде Қаржы мониторингі агенттігі мен Қаржы министрлігіне берілуі мүмкін.

2023-2024 жылдың басым міндеттері келесіні қамтиды:

- инвестициялық бағдарламалар іс-шараларының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету;

- реттелетін коммуналдық қызметтерден инфляцияға салым дәлізінің сақталуын қамтамасыз ету;

- тұтынушылардың табыс деңгейін ескере отырып, «тұтынудың әлеуметтік нормаларын» енгізу;

- тарифтерді тоғыспалы субсидиялаудан біртіндеп бас тартуды қамтамасыз ету;

- тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.

Осылайша, Министрлік өз тарапынан жөндеу жұмыстарын жүргізуге дайындық шаралар қабылдады.

Енді бағдарламаны іске асыру практикалық тұрғыға көшті. Жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарымен бірлесіп жөндеу жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуді қамтамасыз етуі, сондай-ақ кейінгі жылдары желілердің тозуын азайту үшін құжаттама дайындауы қажет.

Дата публикации
13 июля 2023
Дата обновления
13 июля 2023
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

Инфографика
19 декабря 2024
ЖЫЛУ ҮШІН АРТЫҚ ТӨЛЕМ ЖАСАМАҢЫЗ! ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ШЫҒЫНЫН 20%-ҒА АЗАЙТАДЫ
Инфографика
18 октября 2024
Қазақстанда және көрші елдерде жалақы есебінен коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсалады?
Бағыттар
21 мая 2024
Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы