Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің 2015 жылғы 1 жартыжылдықтағы табиғи монополия саласындағы әкімшілік практика бойынша ақпарат
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Комитетінің (бұдан әрі - Комитет) орталық аппараты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 8 қаулы шығарды.
Оның ішінде әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылармен келесі субъектілерге айыппұл салынды:
- "Вагонсервис" АҚ-на Комитеттің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 109 қаулысымен "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-ӘҚБтК) 166-бабының екінші бөлігі бойынша 13 785 300 теңге көлемінде айыппұл салынды;
- "ҚазТрансОйл" АҚ-на Комитеттің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 121 қаулысымен ӘҚБтК 164-бабының төртінші бөлігі бойынша 3 171 200 теңге көлемінде айыппұл салынды;
- "Көліктік сервис орталығы" АҚ-на Комитеттің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 123-124 қаулысымен ӘҚБтК 164-бабының төртінші бөлігі бойынша 6 054 400 теңге көлемінде айыппұл салынды;
- "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-на Комитеттің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 1 қаулысымен ӘҚБтК 164-бабының төртінші бөлігі бойынша 3 171 200 теңге көлемінде айыппұл салынды;
- "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-на Комитеттің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 5 қаулысымен ӘҚБтК 164-бабының төртінші бөлігі бойынша 3 171 200 теңге көлемінде айыппұл салынды;
- "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы " АҚ-на Комитеттің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 6 қаулысымен ӘҚБтК 147-5-бабының төртінші бөлігі бойынша (2015 жылғы 01 қаңтарға дейін қолданыста болған редакцияда) 1 216 теңге көлемінде айыппұл салынды;
- "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы " АҚ-на Комитеттің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 8 қаулысымен ӘҚБК 164-бабының төртінші бөлігі бойынша 3 171 200 теңге көлемінде айыппұл салынды;
- Комитеттің 2015 жылғы 13 мамырдағы № 9 қаулысымен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы " АҚ-на ӘҚБтК 164-бабының төртінші бөлігі бойынша 3 171 200 теңге көлемінде айыппұл салынды;
Айыппұл түрінде салынған әкімшілік жазалардың жалпы сомасы 35 696 916 теңгені құрайды.
Төленген әкімшілік айыппұл сомасы 29 642 516 теңгені құрайды.
Көрсетілген кезеңде Комитетке аумақтық органдардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларына шағымдар түскен жоқ.