«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы

«СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамының жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы

 «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының       2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ ҚРЗ Заңының 22-бабының  1 тармағының 1), 2) және 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 607-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. «СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамына жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне тариф бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
  2. «СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамының жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтік сметасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес баяндалсын.
  3. «СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамы тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тұтынушыларға тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты ұсына отырып, бұл жөнінде хабарласын.
  4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімі осы бұйрықты «СЕВКАЗЭНЕРГО» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Ә. Амангелдіге жүктелсін.
  6. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап күшіне енетін
    1 және 2-тармақтарды қоспағанда, оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 Басшы                                                                        Д. Тоқтамысов

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы
Дата публикации
12 декабря 2022