2022 жылы 4 сәуір күні Әдеп жөніндегі уәкіл А. Алибекова Департамент қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдардың және лауазымды адамдардың материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтерді қабылдауына жол бермеу туралы түсіндірме жұмыс жасады.