Челендж Департамента о коррупции
1. Айгерім: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті ұжымы бұл індетке бірлесе қарсы тұруға қолдау көрсетеміз. 2. Асхат: Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. 3. Бота: Жамандыққа тосқауылды қояйық, Пара алғанның жолы жабық қой анық, «Қазақстан - 2050»- айқын жол, Күресейік, жемқорлықты жояйық. 4. Бақытжан: Қазақ елі байтақ болсын десеңіз, Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз, Сонда ғана жер гүлденер,ел байып, Сонда ғана шарықтаймыз,өсеміз – дей келе Біз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» атты челенджімізді Жамбыл облысы бойынша департаментіне жолдаймыз.Дата публикации
10 марта 2020