Внутренний анализ коррупционных рисков за 1-полгодие 2019 года
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2019 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (әрі қарай – Депаратмент) басшысының 2019 жылғы 22 шілдедегі №69-НҚ бұйрығы негізінде Департамент бөлімдері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Департаменттің штаттық кестесіне сәйкес алты бөлім қызмет жасайды: 1) талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі; 2) табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімі; 3) тауар нарықтарында монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тергеу бөлімі; 4) мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін тергеу бөлімі; 5) заңнаманың сақталуын бақылау және талап-арыз жұмысы бөлімі; 6) тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бөлімдердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша атқарылды. Атап айтқанда, Департамент бөлімдерінің 2018 жылдың 1-жартыжылдығы бойынша қызметінің, оның ішінде: өтініштерге жауап беру, дайындалған бұйрықтар, ұсынылған мемлекеттік қызметтер, жүргізілген мемлекеттік сатып алулар, қызметкерлердің үстінен түскен арыз-шағымдар, жүргізілген тергеу-тексерулер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. 1. Талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімі бойынша: - заңды тұлғалардан өтініш түспеген; - 83 бұйрық дайындалып, барлығы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген; - ұсынылған мемлекеттік қызметтер жоқ; - мемлекеттік сатып алулар саны - 47, оның ішінде бұзылып атқарылғаны жоқ, - қызметкерлердің үстінен арыз-шағымдар түспеген; - бөліммен тергеу-тексерулер жүргізілмеген. 2. Табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімі бойынша: - заңды және жеке тұлғалардан 12 өтініш түсіп, заңға сәйкес мерзімінде жауабы берілген; - 23 бұйрық дайындалып, барлығы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген: - ұсынылған мемлекеттік қызметтер саны – 3, барлығы мерзімінде ұсынылған; - қызметкерлердің үстінен арыз-шағымдар түспеген; - бөліммен тексерулер жүргізілмеген. 3. Тауар нарықтарында монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тергеу бөлімі бойынша: - заңды және жеке тұлғалардан 19 өтініш түсіп, заңға сәйкес мерзімінде жауабы берілген; - 2 бұйрық дайындалып, барлығы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген: - ұсынылған мемлекеттік қызметтер жоқ; - қызметкерлердің үстінен арыз-шағымдар түспеген; - бөліммен 2 тексерулер жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінсіз атқарылған. 4. Мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін тергеу бөлімі бойынша: - заңды және жеке тұлғалардан 12 өтініш түсіп, заңға сәйкес мерзімінде жауабы берілген; - 6 бұйрық дайындалып, барлығы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген: - ұсынылған мемлекеттік қызметтер жоқ; - қызметкерлердің үстінен арыз-шағымдар түспеген; - бөліммен 1 тергеу мерзіміне сәйкес жүргізілген. 5. Заңнаманың сақталуын бақылау және талап-арыз жұмысы бөлімі бойынша: - заңды және жеке тұлғалардан 44 өтініш түсіп, заңға сәйкес мерзімінде жауабы берілген; - 12 бұйрық дайындалып, барлығы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген: - ұсынылған мемлекеттік қызметтер саны – 2, бұзылып атқарылғаны жоқ; - қызметкерлердің үстінен арыз-шағымдар түспеген; - бөліммен 9 тексерулер жүргізілген, барлығы заңнамаға сәйкес атқарылған. 6. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімі: - заңды және жеке тұлғалардан 34 өтініш түсіп, заңға сәйкес мерзімінде жауабы берілген; - бұйрық дайындалмаған; - ұсынылған мемлекеттік қызметтер саны жоқ; - қызметкерлердің үстінен арыз-шағымдар түспеген; - бөліммен тексерулер жүргізілмеген. Жалпы Департамент бойынша: -келіп түскен өтініштердің саны-130, барлығы заңға сәйкес мерзімінде жауабы берілген; -дайындалған бұйрықтардың саны - 128, барлығы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген; -ұсынылған мемлекеттік қызметтер саны-5, бұзылып атқарылғаны жоқ; -мемлекеттік сатып алулар саны-47, оның ішінде бұзылып атқарылғаны жоқ; -қызметкерлердің үстінен арыз-шағымдар түспеген; -жүргізілген тергеу-тексерулер саны - 10, барлығы заңнамаға сәйкес атқарылған. Бөлімдердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ. Сонымен қатар, бөлімдердің жұмысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар болмады. 2019 жылдың 1-жартыжылдығында қызметшілер жұмыстан босатылған жоқ. Ішкі талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Басшы Г. Өтегенова Келісілді: Департаменті бөлімдерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобының дербес құрамы: Жұмыс тобының төрағасы: Е.С. Орынбаев - департамент басшысының орынбасары Жұмыс тобының мүшелері: Г.А. Маханов - талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы; З.С.Сардарбек - заңнаманың сақталуын бақылау және талап- арыз жұмысы бөлімінің басшысы; Жұмыс тобының хатшысы: С.А. Қыдырбаева - талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы. Ішкі талдау жүргізілген бөлімдердің басшылары мен өкілдері: К.Т. Кеншембаева - табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы; А.Ә. Мәдиев - тауар нарықтарында монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тергеу бөлімінің бас маманы; Ж.М. Дәуменов - мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін тергеу бөлімінің бас маманы; Г.А. Маханов - талдау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы; З.С.Сардарбек - заңнаманың сақталуын бақылау және талап- арыз жұмысы бөлімінің басшысы; Е.Ж. Сүлейменов - тұтынушылардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы.Дата публикации
06 марта 2020