Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2019 жылдың 2-жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (әрі қарай – Депаратмент) басшысының 2020 жылғы 12 ақпандағы №14-НҚ бұйрығы негізінде Департамент бөлімдері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Департаменттің штаттық кестесіне сәйкес үш бөлім қызмет жасайды: 1) ұйымдастырушылық жұмыс бөлімі; 2) табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімі; 3) заңнаманың сақталуын бақылау және талап-арыз жұмысы бөлімі. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бөлімдердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерге және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша атқарылды. Атап айтқанда, Департамент бөлімдерінің 2019 жылдың 2-жартыжылдығы бойынша қызметінің, оның ішінде: өтініштерге жауап беру, дайындалған бұйрықтар, ұсынылған мемлекеттік қызметтер, жүргізілген мемлекеттік сатып алулар, қызметкерлердің үстінен түскен арыз-шағымдар, жүргізілген тексерулер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. 1. Ұйымдастырушылық жұмыс бөлімі бойынша: - заңды тұлғалардан өтініш түспеген; - 19 бұйрық дайындалып, барлығы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген; - ұсынылған мемлекеттік қызметтер жоқ; - мемлекеттік сатып алулар жүргізілмеген, - қызметкерлердің үстінен арыз-шағымдар түспеген; - бөліммен тексерулер жүргізілмеген. 2. Табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімі бойынша: - заңды және жеке тұлғалардан 5 өтініш түсіп, заңға сәйкес мерзімінде жауабы берілген; - 13 бұйрық дайындалып, барлығы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген: - ұсынылған мемлекеттік қызметтер саны – 9, барлығы мерзімінде ұсынылған; - қызметкерлердің үстінен арыз-шағымдар түспеген; - бөліммен тексерулер жүргізілмеген. 3. Заңнаманың сақталуын бақылау және талап-арыз жұмысы бөлімі бойынша: - заңды және жеке тұлғалардан 59 өтініш түсіп, заңға сәйкес мерзімінде жауабы берілген; - 55 бұйрық дайындалып, барлығы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген; - мемлекеттік қызметтер ұсынылмаған; - қызметкерлердің үстінен арыз-шағымдар түспеген; - бөліммен 51 тексерулер жүргізілген, барлығы заңнамаға сәйкес атқарылған. Жалпы Департамент бойынша: -келіп түскен өтініштердің саны - 64, барлығы заңға сәйкес мерзімінде жауабы берілген; -дайындалған бұйрықтардың саны - 87, барлығы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген; -ұсынылған мемлекеттік қызметтер саны - 9, бұзылып атқарылғаны жоқ; -мемлекеттік сатып алулар өткізімеген; -қызметкерлердің үстінен арыз-шағымдар түспеген; -жүргізілген тексерулер саны - 51, барлығы заңнамаға сәйкес атқарылған. Бөлімдердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ. Сонымен қатар, бөлімдердің жұмысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар болмады. 2019 жылдың 2-жартыжылдығында сыбайлас жемқорлық сипаты бойынша қызметшілер жұмыстан босатылған жоқ және ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің «Ақпараттық қызмет» жүйесінен ай сайынғы алынған ақпарат бойынша мемлекеттік қызметшілер тарапынан әкімшілік құқық бұзушылыққа жол берілмеген. Ішкі талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Басшы Г. Өтегенова Келісілді: Департаменті бөлімдерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізетін жұмыс тобының дербес құрамы: Жұмыс тобының төрағасы: Г.А. Маханов - ұйымдастырушылық жұмыс бөлімінің басшысы Жұмыс тобының мүшелері: К.Т. Кеншембаева - табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы; А.Б.Кугабаева - заңнаманың сақталуын бақылау және талап-арыз жұмысы бөлімінің бас маманы Жұмыс тобының хатшысы: Б.Д. Балмағанбетов - табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің бас маманы Ішкі талдау жүргізілген бөлімдердің өкілдері: К.Т. Кеншембаева - табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы; Г.А. Маханов - ұйымдастырушылық жұмыс бөлімінің басшысы; А.Б.Кугабаева - заңнаманың сақталуын бақылау және талап- арыз жұмысы бөлімінің бас маманы.
Дата публикации
06 марта 2020