Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
gul.utegenova@economy.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Өтегенова Гулмира Сейтбекқызы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы
Общая информация, образование

1966 жылы  туған, білімі жоғары, 1987 жылы Қарағанды кооперативтік институтын «Тауартанушы» мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылы Москваның Халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы «Нархоз университеті» АҚ-ның «Іскерлік әкімшілік» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

Карьера

Еңбек жолын 1987 жылдан бастап Жалағаш аудандық тұтынушылар одағында тауартанушы, сосын аға тауартанушы, төрағаның орынбасары, Мәдениет аудандық тұтынушылар одағында төрағаның орынбасары болып қызмет етті.

1989 жылдан бастап Қызылорда облысы бойынша халық тұтынушы және сауда тауарларының сапасы жөніндегі инспекциясында мемлекеттік сауда инспекторы болып жұмыс істеді.

1995 жылдан бастап Қызылорда облысы бойынша баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитетінде І санатты маман, бас маман, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары, төрағаның бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.

2000 жылдан бастап ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау  агенттігінің Қызылорда  облысы бойынша департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2008 жылдан бастап ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдан бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет жасады.

2017 жылдан бастап ҚР Ұлттық экономика  министрлігі Табиғи  монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымынан бастап департамент басшысына дейінгі  лауазымдарды атқарды.

2019 жылғы қазаннан бастап ҚР Ұлттық экономика  министрлігі Табиғи  монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы болып табылады.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы