
ҚР Еңбекмині Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев Степногорск қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаевтың төрағалығымен ұйымдастырылған көшпелі жұмыс тобына қатысты.
Жұмыс тобы Ақмола облысының жергілікті фермерлік шаруашылықтарының, отбасылық мал фермаларының және ауыл жастарының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында даму перспективалары, қолдау, сондай-ақ жергілікті нарықтарды таза өнімдермен қамтамасыз етуде отбасылық фермерлердің рөлін арттыру бойынша түрлі мәселелер талқыланды.
Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі басым бағыттардың бірі ретінде заңнамалық бастамаларды талап ететін ауылдық кооперативтерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды.
«Жер – Ана – Астана» ҚБ өкілдері отбасылық фермерлік шаруашылықтардың, жеке қосалқы шаруашылықтардың табиғи таза өнім өндіру жөніндегі қызметінің бірқатар бағыттарын таныстырды.
Ауыл шаруашылығы, Интеграция және сауда министрліктерінің өкілдері де өз пікірлерін білдірді.
Сондай-ақ, Көші-қон комитеті кездесуге қатысушыларға ішкі көші-қон бойынша жаңа бастамаларды талқылауға ұсынды.