
Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ельдің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында а. ж. 12 маусымда Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі арасында Өзара түсіністік туралы меморандум жасалды.
Осылайша, тараптар Қазақстанды Корея Республикасында жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне – Employment Permit System (бұдан әрі – EPS) енгізу туралы ниетін растады.
Корея Республикасының заңнамасына сәйкес шет мемлекетті Оңтүстік Кореяның EPS жүйесіне қосу мәселесі үш кезеңде жүзеге асырылады:
1) мемлекетішілік келісу;
2) EPS орталығын ашуға арналған объектілермен танысу;
3) Корея Республикасының ведомствоаралық комиссиясында Қазақстанды EPS жүйесіне қосу туралы түпкілікті шешім қабылдау.
Бүгінгі таңда Қазақстанды Оңтүстік Кореяның EPS жүйесіне қосу мәселесі Корея Республикасының жауапты мемлекеттік органдарымен мемлекетішілік келісу сатысында тұр.
Министрліктер арасында жасалған Өзара түсіністік туралы меморандум Корея Республикасындағы қазақстандық азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды кеңейтуге жасалған кезекті қадам болып табылады.