
Ынтымақтастықтың мақсаты өңірге келетін қандастар мен қоныс аударушыларды жергілікті қоғамға бейімдеу және интеграциялау үшін жағдай жасау бойынша тиімді өзара іс-қимылды дамытуға жәрдемдесу, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы туралы ақпараттық қамтамасыз ету, электрондық форматта қызметтер көрсету, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ түрлі мәдени іс-шараларға (театрлар, кино, концерттер және т.б.), қандастар мен қоныс аударушыларды қолдау саласындағы көші-қон заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Тұтастай алғанда, ынтымақтастық Солтүстік Қазақстан облысының демографиялық және әлеуметтік-экономикалық даму мүдделерін ескере отырып, қандастар мен қоныс аударушыларды ұтымды қоныстандыруды ұйымдастыруды жақсартуға, оларға әлеуметтік және еңбек құқықтарын іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.
Айта кету керек, «TAUEKEL» қоғамдық бірлестігі бірнеше жыл бойы Солтүстік Қазақстан облысында қандастар мен қоныс аударушыларға еңбегі артық өңірлерден қоныс аударуға жәрдемдесумен айналысады.