Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қостанай облысының әкімдігі Қостанай облысының еңбек мобильділігі орталығы мен мансаптық орталықтарының қызметі мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты

Жасалған меморандум шеңберінде Қостанай облысының еңбек мобильділігі орталығы мен мансап орталықтарының халықтың көші-қоны саласындағы жұмыстарын жаңғырту жоспарлануда.

Ынтымақтастық ішкі ауданаралық және этникалық көші-қонның дамуын жақсартуға бағытталған. Өңірге келген қоныс аударушылар мен қандастардың жергілікті қоғамдастыққа бейімделу және интеграциялау бойынша қолдау көрсету көзделеді.

Мансап орталықтары, қоныс аударушылар мен қандастар арасындағы өзара іс-қимыл мен байланыс үшін сапалы цифрлық орта құру жоспарлануда.

Жалпы, бұл қоныс аударушының немесе қандастың отбасын сүйемелдеу бойынша мониторинг сапасын арттыруға, сондай-ақ халықтың көші-қоны саласында жоспарланып отырған және іске асырылып жатқан өңірлік шешімдердің тиімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.