ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті 2023 жылғы жұмысын қорытындылады

ҚР ЕХӘҚМ Көші-қон комитеті 2023 жылғы жұмысын қорытындылады

Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшыларымен жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында 2023 жылдың қорытындысы баяндалды, сондай-ақ өңірлер басқармаларының басшылары Көші-қон комитетінің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарымен танысты.

Еңбекминінің Көші-қон комитетінің өкілдерімен жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында азаматтардың ерікті түрде көшіру қағидалары бойынша, сондай-ақ қандас мәртебесін беруге өтініштерді қабылдау бойынша енгізілген жаңа өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді.

2024 жылы қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдау жөніндегі өңірлік квотаның орындалуы, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде көзделген бюджет қаражатын игеру туралы ақпарат жеткізілді.

Өткізілген кеңестің қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына көші-қон саясаты жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау ұсынылды.