Женевада жаһандық босқындар форумы – 2023 өтіп жатыр

Женевада жаһандық босқындар форумы – 2023 өтіп жатыр

13-15 желтоқсан аралығында Швейцария, Женевадағы «Палэкспо»-да өтетін Жаһандық босқындар форумы – 2023-ке Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев қатысты.

Форум әр төрт жыл сайын өткізіледі және әлемдегі ең ірі халықаралық босқындар жиналысы болып табылады.

Ол Жаһандық босқындар шартында көрсетілген мақсаттарды практикалық іске асыруды қолдауға арналған: қабылдаушы елдерге қысымды жеңілдету, босқындардың өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыру, үшінші елдердің шешімдеріне қол жетімділікті арттыру және шыққан елдердегі жағдайларды жақсарту.

Форум сонымен қатар мемлекеттер мен мүдделі тараптарға 2024 жылға арналған нақты міндеттемелер мен салымдар туралы жариялауға, қол жеткізілген прогресті атап көрсетуге, озық тәжірибелермен бөлісуге және бар проблемалар мен мүмкіндіктерді қорытындылауға мүмкіндік берді.

Асқарбек Ертаев халықаралық қоғамдастыққа босқындар мен пана іздеп жүрген адамдардың мәселелері бойынша Қазақстанда қабылданған шаралар туралы, сондай-ақ Босқындардың мәртебесі туралы Конвенцияға сәйкес елдің міндеттемелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Аталған форумға барлығы 133 ел, сондай-ақ 25 халықаралық ұйым (ЕО, Араб мемлекеттері Лигасы, Халықаралық көші-қон ұйымы, Халықаралық еңбек ұйымы және т.б.) қатысты.