
Кездесуде ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің төрағасы Палестина Мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасер Абу Зейд мырзаны Газа секторынан эвакуацияланған азаматтар мен олардың отбасы мүшелері үшін бейімделу және интеграциялық қызметтер бойынша көрсетілетін шаралар туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын Палестина азаматтары үшін паспорттарды ресімдеу жөніндегі шаралар қаралды.
Өз кезегінде, Монтасер Абу Зейд мырза Палестина халқына көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін Қазақстан Үкіметіне алғысын білдіріп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға сенім білдірді.