Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы А. Ертаев Оңтүстік-Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша Вена өңірлік офисінің өңірлік техникалық маманы Джейсон Тидпен кездесу өткізді

Кездесуде Еңбекмині Көші-қон комитетінің төрағасы Вена өңірлік офисінің өңірлік техникалық маманы Джейсон Тидті Қазақстан Республикасының 2023 – 2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасын іске асыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

Халықаралық көші-қон ұйымымен одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Шетелде жұмыс істейтін адамдардың құқықтарын қорғау, оның ішінде Түркиямен, Біріккен Араб Әмірліктерімен, Ұлыбританиямен, Сауд Арабиясымен, Оңтүстік Кореямен, Катармен, Германиямен және Израильмен үкіметаралық келісімдер жасасу жөніндегі шаралар жеке қаралды.

Өз кезегінде Джейсон Тид мырза Қазақстандағы көші-қон процестерінің негізгі бағыттарын іске асыру үшін техникалық және сараптамалық көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту және дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.