А. Ертаев қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыру бойынша жүргізіліп жатқан көші-қон саясаты туралы хабардар етті.

А. Ертаев қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыру бойынша жүргізіліп жатқан көші-қон саясаты туралы хабардар етті.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев ағымдағы жылдың 24-25 қарашасында Алматы қаласында өткен жеке жұмыспен қамту агенттіктері мәселелері бойынша Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) тренингіне қатысты.

Ол қазақстандықтарды шетелде жұмысқа орналастыру бойынша көші-қон саясатын іске асырудың негізгі тәсілдері туралы хабардар етті.

Тренинг жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне бағытталған, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей Федерациясы елдерінің практикалық білімдері мен тәжірибелерімен, сондай-ақ еңбек көші-қоны саласындағы халықаралық заңнамамен алмасуға бағытталған.

Тренингке қатысушылар Қазақстандағы ынтымақтастық мәселелерін, заңнамалық базаны және еңбек көші-қоны ережелерін талқылады.

Орталық Азия бойынша субөңірлік үйлестіруші Зейнал Гаджиев іс-шара барысындағы алғыс сөзінде көші-қон бойынша 6 жаһандық шарттың мақсатына сәйкес еңбек көші-қоны бағытын іске асыру туралы атап өтті.