Оңтүстік Кореяда бейімдеу және интеграциялау, сондай-ақ жұмысқа орналастыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу Шығыс Қазақстан облысында талқыланды

Оңтүстік Кореяда бейімдеу және интеграциялау, сондай-ақ жұмысқа орналастыру бойынша пилоттық жобаны іске қосу Шығыс Қазақстан облысында талқыланды

Ағымдағы жылғы 7-10 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Өскемен қаласының еңбек ұтқырлығы орталығының, мансаптық орталығының қызметкерлері үшін қоныс аударушылар мен қандастар отбасыларын бейімдеу және интеграциялау жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру бойынша оқыту тренингтерін өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында қоныс аударушылар мен қандастарға бейімдеу және интеграциялау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске қосу туралы» бұйрығының жобасы әзірленді.

Қоныс аударушының немесе қандастың отбасын сүйемелдеуді қамтамасыз ету үшін Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда облыстарының, Жетісу облысының, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарының қоныс аударушылар мен қандастар үшін бейімдеу және интеграциялау бойынша қызметтер көрсету бөлігінде өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.     

Көші-қон комитеті басқармаларының басшылары Д.А. Айтқұлов, Э.Т. Тәжиханова Өскемен қаласының Мансап орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, қоныс аударушылар мен қандастардың отбасыларын сүйемелдеу кезінде туындайтын бейімделу және интеграция мәселелері бойынша түрлі кейстерді қарады және талқылады.

Пилоттық жобаға қатысу үшін Өскемен қаласының еңбек ұтқырлығы орталығының, мансаптық орталығының қызметкерлеріне мобильді қосымшаға техникалық қолжетімділік берілді.

Сондай-ақ, медициналық және білім беру мекемелерінің өкілдерімен, EPS жүйесі бойынша Оңтүстік Кореяда қазақстандықтарды жұмысқа орналастыру бойынша Шығыс Қазақстан облысында білім беру орталығын құру бойынша сарапшылар қауымдастығымен бірқатар кездесулер өтті.

Өскемен қаласының білім беру орталықтарында корей тілін оқыту, кадрларды даярлау және қайта даярлау жоспарлануда. Медициналық тексеруден өту және кандидаттарды оқудан өту кезеңіне уақытша тұрумен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев қоныс аударған отбасылар мен қандастарды бейімдеу және интеграциялау бойынша пилоттық жобаны дайындаудың ағымдағы барысы туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Қ. Жақыпова мен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.А. Сақтағановтың қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде Шығыс Қазақстан облысында білім беру орталығын құру мәселесі қаралды.