
Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Еңбекмині көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ерсаев Ақтау қаласына барды.
Өткізілген кездесулер барысында ақпараттық жүйелерді интеграциялау, еңбек мигранттарымен байланысты Мемлекеттік қызметтер бойынша бизнес-процестерді одан әрі автоматтандыру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, қазақстандықтардың ішкі ұтқырлығын ынталандыру, жаңа жұмыс орындарын құра отырып, азаматтарды Солтүстік және Орталық өңірлерге көшіру жөніндегі ұйымдарда сапаны арттыру мәселелері қаралды.
Ақтау қаласындағы еңбек ұтқырлығы орталықтарының, сондай-ақ Мұнайлы ауданындағы мансаптық орталықтың қызметі зерделенді.