
Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Еңбекминінің көші-қон комитеті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Kazakh Tourizm «ҰК» АҚ-мен бірлесіп, қандас мәртебесін беру және «Ата жолы» карта беру бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету үшін «eQonaq – Kutty Meken» ақпараттық жүйесінің базасында «eQonaq» мобильді қосымшасын пайдалану бойынша ҚР шет елдердегі мекемелерімен онлайн-оқыту өткізді.
ҚР шет елдердегі мекемелерімен онлайн-оқытуға құқықтық мәселелер бойынша консулдар қатысты.
«Kazakh Tourizm «ҰК» АҚ қандас мәртебесін берудің, сондай – ақ «eQonaq-Kutty Meken» мобильдік қосымшасы арқылы «Ата жолы» картасын алудың толық бизнес процесін көрсетті.
Экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру және осы жұмыстарды жандандыру мәселелері жеке қаралды.
«eQonaq – Kutty Meken» мобильдік қосымшасының функционалы қандас мәртебесін беруге өтінім беруді және этникалық қазақтарға берілетін «Ата жолы» картасын алуды едәуір жеңілдетеді, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл процесін жеделдетеді.
Мобильді қосымша шетелдегі этникалық қазақтарды қоса алғанда, барлық пайдаланушылар үшін ыңғайлы және қауіпсіз авторизацияны қамтамасыз етеді.