ЕХӘҚМ Көші қон комитеті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көші қон процестеріне қатысты бірқатар мәселелерді қарады

ЕХӘҚМ Көші қон комитеті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп көші қон процестеріне қатысты бірқатар мәселелерді қарады

Көші-қон комитетінің төрағасы Асқарбек Ертаев облыстық басқармалардың басшыларымен кезекті кеңес өткізді.

Кеңес барысында көші-қон саласындағы ағымдағы жағдай және оны дамыту бойынша іске асырылып жатқан іс-шаралар қаралды.

Кандас мәртебесін беруге өтініш беру бөлігінде «e-Qоnaq-Qutty meken» мобильді қосымшасымен жұмыс істеудің жаңа тетіктері түсіндірілді.

Өңірлердің қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдау, шетелдік жұмыс күшін тарту, сондай-ақ бюджет қаражатын игеру жөніндегі өңірлік квотаның орындалуы туралы ақпараты тыңдалды.

Жергілікті атқарушы органдардың басшыларынан қандас мәртебесін беру және ұзарту жөніндегі заңнаманы одан әрі жетілдіру, босқындармен жұмыс және ішкі және сыртқы көші-қон мәселелері бойынша өзге де құқықтық актілер бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілді.