Шетелдегі консулдық қызметтер үшін «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің баяндама өткізілді

Шетелдегі консулдық қызметтер үшін «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің баяндама өткізілді

Еңбекминінің Көші-қон комитеті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп, Шетелдегі Сыртқы Істер Министрлігінің консулдық қызметтері үшін қандас мәртебесін беру және «Ата жолы» картасын беру бойынша «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің баяндамасын өткізді.

Кеңеске Қырғызстан, Пәкістан, Грузия, Астрахань (Ресей Федерациясы), Польша, Румыния, Беларусь, Тәжікстан, Молдова, Әзірбайжан, Чехия, Өзбекстан, Франция, Австрия, Армения, Венгрия, Иран, Сауд Арабиясы, Ұлыбритания елдері, Берлин, Майндағы Франкфурт, Бонн (Германия), Вашингтон (АҚШ), Стамбул (Түркия) қалаларының консулдары қатысты.

Бұл жүйеге барлығы 29 шетелдік мекеме қосылады.

Бүгінгі таңда Австрия, Ұлыбритания, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия, Моңғолия, Мәскеу (Ресей Федерациясы) шетелдік мекемелері «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне қосылған.

Қалған шетелдік мекемелер осы аптаның соңына дейін осы жүйеге қосылады. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.