Алматы қаласында диаспоралардың қазіргі рөлі және олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерге әсері талқыланды

Алматы қаласында диаспоралардың қазіргі рөлі және олардың әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерге әсері талқыланды

Еңбекминінің Көші-қон комитеті ағымдағы жылдың 18 тамызында қазақ диаспорасымен және шетелдегі отандастармен өзара іс-қимыл жөніндегі халықаралық семинар-форумға қатысты.

Семинарды «Отандастар қоры» КЕАҚ, «Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы» РҚБ, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан және Ресей Федерациясының халықаралық сарапшылары ұсынды.

Пленарлық сессиялар мен интерактивті пікірталастар барысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуындағы диаспораның әлеуетті үлесі мен рөліне көзқарас ұсынылды, сондай-ақ қазақ диаспорасымен және шетелдегі отандастармен коммуникациялық стратегияны одан әрі ілгерілету және пысықтау жөніндегі қадамдар әзірленді.

Аталған семинарда Асқарбек Ертаев тарихи отанмен байланысты нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға, сондай-ақ елге кәсіби мамандар мен табысты бизнесмендерді тартуға бағытталған ынтымақтастық пен өзара
іс-қимылдың жаңа құралы – «Ата жолы» картасын таныстырды.