Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ және «Kazakh Tourizm» ҰК» АҚ «eQonaq» ақпараттық жүйесі базасында «eQonaq – Kutty Meken» мобильдік қосымшасын іске қосуды талқылады

Бүгін «Kazakh tourism» АҚ алаңында «еQonaq» ақпараттық жүйесі базасында мобильді қосымша арқылы «Қандас мәртебесін беру» және «Ата жолы картасын беру» модульдерін іске қосу бойынша талқылаулар өткізілді.

«ЕQonaq» жүйесінің функционалы қандас мәртебесін беруге өтінім беруді және шетелдік азаматтарға берілетін «Ата жолы» картасын алуды едәуір жеңілдетеді, сондай-ақ мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл процесін жеделдетеді.

Мобильді қосымшаны іске қосу барлық пайдаланушылар, соның ішінде шетелдіктер үшін ыңғайлы және қауіпсіз авторизацияны қамтамасыз етеді.         Кездесуде «Kazakh Tourizm» ҰК» АҚ басқарма төрағасы

Талғат Аманбаев «eQonaq» және «migration.gov.kz» ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған мобильді қосымшаның прототипіне тестілеу жүргізілгені туралы хабарлады.