Еңбекминінің КК-нің төрағасы мен БҰҰ-ның БЖКБ-ның ҚР Ұлттық кеңсесінің басшысы босқындар мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады

Еңбекминінің КК-нің төрағасы мен БҰҰ-ның БЖКБ-ның ҚР Ұлттық кеңсесінің басшысы босқындар мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылады

Еңбекминінің КК-нің төрағасы Асқарбек Ертаев БҰҰ-ның Қазақстандағы Жоғарғы Комиссары басқармасының Ұлттық кеңсесінің басшысы Ирина Биляловамен босқындар мәселелері бойынша Бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру барысын талқылады.

Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен БҰҰ Босқындар жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының 2023 жылға арналған Бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Осы Бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде ағымдағы жылдың басынан бастап Еңбекмині мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері үшін босқын мәртебесін қорғау, тіркеу және айқындау рәсімдері бойынша оқыту тренингтері өткізілді.

1951 жылғы Конвенцияның ережелеріне және босқындардың құқықтарын қорғау саласындағы озық тәжірибелерге сәйкес халықаралық сарапшылар мен мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, «Қазақстан Республикасындағы босқындардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Талқылау барысында Асқарбек Ертаев босқындар мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидаларын одан әрі жетілдіру жөнінде бірлескен ұсыныстар әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Әзірленген ұсыныстар топтамасы Босқындар мәртебесі туралы 1951 жылғы Конвенцияның ережелерімен ұлттық заңнама нормаларын имплементациялау жөніндегі жұмыс тобының қарауына енгізілетін болады.