Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық көші қон ұйымымен көші қон саясаты бойынша өзара іс қимыл мәселелерін талқылады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықаралық көші қон ұйымымен көші қон саясаты бойынша өзара іс қимыл мәселелерін талқылады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен Халықаралық көші-қон ұйымының сарапшыларымен кездесу өткізілді.

Осы кездесуде бірлескен жұмыстардың Жол картасының іс-шаралары, сондай-ақ көші-қон процестерін басқару, босқындардың құқықтарын қорғау және т. б. мәселелер бойынша жобаны іске асыру талқыланды.

Өз кезегінде, көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Орталық Азия бойынша субөңірлік үйлестірушісі Зейнал Гаджиев босқындардың құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды атап өтті.

Кездесудің соңғы бөлігінде тараптар қауіпсіз, реттелген және заңды көші-қон туралы Жаһандық шарттағы жұмыстардың барысын және түйінді бағыттар бойынша ынтымақтастықтың одан әрі кезеңдерін талқылады.