Еңбекминінің Көші-қон комитеті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы»АҚ-мен бірлесіп, өңірлермен көші-қонды реттеу мәселелері бойынша онлайн-талқылаулар өткізді

Еңбекминінің Көші-қон комитеті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы»АҚ-мен бірлесіп, өңірлермен көші-қонды реттеу мәселелері бойынша онлайн-талқылаулар өткізді

Еңбекминінің Көші-қон комитеті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп, ағымдағы жылдың 25 шілдесі мен 28 шілдесі аралығында кестеге сәйкес «ZOOM» форматында өткен көші-қонды реттеу мәселелері бойынша өңірлермен онлайн талқылаулар өткізді.

Онлайн талқылауға өңірлерден жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, аудандардың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың мансап орталықтарының өкілдері қатысты.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Айдар Айтқұлов қандас мәртебесін беру, ұзарту, сондай-ақ СІМ шет елдердегі мекемелері арқылы «Ата жолы» картасын алу бөлігінде «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде функционалмен жұмыс істегенін көрсетті.

Экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру және осы жұмыстарды жандандыру мәселелері жеке қаралды.

Өңірлермен жүргізілген онлайн-талқылаулардың қорытындысы бойынша көші-қон комитеті қосымша қарауды және шешім қабылдауды талап ететін ұсыныстар мен мәселелердің тізбесін қалыптастырды.

Сондай-ақ Комитет төрағасы Асқарбек Ертаев «ҚР әкімшілік реформасы мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Әлеуметтік кодекс пен заңды іске асыруға көші-қон саласындағы ЕХӘҚМ жаңадан қабылданған құқықтық актілері бойынша өңірлер үшін кезекті онлайн-талқылаулар өткізу туралы атап өтті.