
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен елордадағы көші-қон ағынын реттеу және бақылау мәселелері қаралды.
Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша әзірленген ұсыныстар туралы Астана әкімінің орынбасары Есет Бәйкен хабарлады.
Талқылау қорытындысы бойынша Ақмәди Сарбасов мемлекеттік органдарға көші-қон ағындарын реттеу және бақылау бойынша қосымша ұсыныстар әзірлеуге қатысты тиісті тапсырмалар берді.
Сондай-ақ көші-қон процестерін реттеудің халықаралық тәжірибесін одан әрі зерделеу тапсырылды.