Көші-қон саясатындағы жаңа тәсілдер талқыланды

Көші-қон саясатындағы жаңа тәсілдер талқыланды

Көші-қон комитетінде Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының мемлекеттік органдарының өкілдерімен онлайн-кеңес өтті.

Жиынға қатысушыларға «Қандас» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі кандастар мәртебесін беру, ұзарту, сондай-ақ шетелдік мекемелер арқылы «Ата жолы» картасын алу бөлігінде функционалдық мүмкіндіктерімен жұмыс істеу бойынша түсіндірмелер берілді.

Сондай-ақ өңірлік квотаның орындалуына қатысты мәселелер қаралды.

Талқылау нәтижесінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларына қажетті шараларды қабылдау және жергілікті жерлерде осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.