Босқындар мен баспана іздеушілер құқықтары қорғалуда

Босқындар мен баспана іздеушілер құқықтары қорғалуда

 

             Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 19 шілдедегі №622 Жарлығына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің босқындар мәселелері жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне берілді.

             Бүгінгі күні босқындарға қатысты мемлекеттік саясатты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі іске асырады, жүзеге асыру функцияларын халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар, ал бақылау және тіркеу функцияларын ішкі істер органдары орындайды.

             Біздің елімізде "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен пана іздеген адамдардың құқықтық жағдайы реттелген. Түрлі себептермен қудалаудың құрбаны болу жағдайлары туындаған шетел азаматтары Қазақстанда баспана туралы өтініш білдіре алады.

             "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес баспана іздеп жүрген адамдардың:

             - тегін аудармашы қызметтерін алу және босқын мәртебесін беру тәртібі, өз құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат алу;

             - шағымдану мерзімдерін қоса алғанда, босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат бойынша шешім қабылдау рәсімі аяқталғанға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасында болу;

             - шыққан еліне ерікті түрде оралу немесе кез келген үшінші елге көшу;

             - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық қызмет алу;

             - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек немесе кәсіпкерлік қызмет бостандығы;

             - мүліктік және жеке, мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды сот арқылы қорғауға құқықтары бар.

             Ағымдағы жылдың 1 наурызына елімізде босқындар мәртебесі бар-293 адам.

                 Шығу елдері бойынша 275 босқын Ауғанстан азаматтары, ҚХР-дан 6 босқын, Сирия Араб Республикасынан 5 босқын және басқа елдерден 7 адам.

                 Баспана іздеушілер мәртебесі бар-898 адам.

                 Баспана іздеушілердің ішінде-604 адам Украина азаматтары, 244 адам Ауғанстаннан, 24 адам Ресей Федерациясының азаматтары, 26 адам басқа елдерден.

             Бүгінгі таңда босқындарды қолдау мақсатында уәкілетті орган бірқатар қажетті шараларды қабылдауда.

             Атап айтқанда, босқындарға Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде медициналық көмекке, жұмысқа орналасуға, білім алуға және әлеуметтік көмекке қол жеткізу бойынша жұмыс жүзеге асырылуда.

             Сонымен қатар, мемлекеттік шекараны ресми және заңсыз кесіп өту кезінде босқын мәртебесіне өтініш беру процесін оңайлату бойынша шаралар қабылдануда.

             Жалпы, баспана іздеушілердің құқықтарын қорғауды және қолдауды қамтамасыз ету уәкілетті органның тұрақты бақылауында болады.