1951 жылғы Босқындардың мәртебесі туралы Конвенцияның ережесі және оған 1967 жылғы Қазақстан Республикасындағы Хаттама, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Дүйсенова Т.К. мен БҰҰ БЖКБ Орталық Азия бойынша өкілі Х. Шоддер арасында қол қойылған бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде а.ж. 22 желтоқсанда босқындарды қорғау және интеграциялау мәселелері бойынша дөңгелек үстел отырысы өтті.

Аталған отырыс Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының м. а. І.С. Испановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасы А. С. Құспанның, БҰҰ БЖКБ, ҚР Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, ҚР Қызыл Ай Ұлттық Қоғамының, Қазақстан Республикасы адам құқықтары мен заңдылықты сақтау, мүдделі мемлекеттік органдар, босқындар жастарының өкілі және босқындар қоғамдастығының өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

Кездесуде Қазақстан Республикасындағы босқындардың өзекті мәселелері, сондай-ақ осал жағдайдағы мигранттармен жұмыс істеу қағидаттары, Нью-Йорктегі босқындар мен мигранттар туралы декларация, босқындарға қатысты шаралар кешені және босқындар туралы Жаһандық шарт шеңберінде БҰҰ шешімдерінен туындайтын өзге де шараларды іске асыру көтерілді.

Сонымен қатар, І.С. Испанов Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының 2023 – 2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлегенін айтты.

Осы Тұжырымдама шеңберінде елдің көші-қон саясаты ұлттық ерекшелікке бейімделген үздік әлемдік тәжірибелерге негізделетін және отандық экономиканың дамуына ықпал ететін болады.