
2022 жылғы 31 Қазанда Өзбекстан Республикасы делегациясының Қазақстан Республикасына сапары өтті. Кездесу барысында Өзбекстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы «Қазақстан Республикасында Өзбекстан Республикасының азаматтары болып табылатын еңбекші-мигранттардың және Өзбекстан Республикасында Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын еңбекші-мигранттардың еңбек қызметі және құқықтарын қорғау туралы» 2023-2024 жылдарға арналған Келісімді іске асыру жөніндегі бірлескен практикалық іс-қимыл жоспарының жобасы талқыланды.

Кездесу барысында бірыңғай ақпараттық жүйеге келетін еңбек иммигранттарының рұқсат беру механизмінің тетігін енгізу жобасы таныстырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша екі елдің министрліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар енгізілді