
Кездесуде ҚР ұлттық заңнамасына босқындар мәртебесі туралы 1951 жылғы Конвенцияның ережелерін енгізудің өзекті мәселелері, баспана іздеушілердің өтініштерін тіркеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы, сондай-ақ Еңбекмині мен БҰҰ БЖКБ-ның 2022 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары шеңберінде одан әрі жұмыс талқыланды.
И. Салеев мырза босқындар мен баспана іздеп жүрген адамдарға қатысты Қазақстанның денсаулық сақтау, Еңбек және әлеуметтік заңнамасы мәселелері бойынша нақты ұсыныстар айтты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігімен БҰҰ БЖКБ арасында қол қойылған іс-шаралар жоспары шеңберінде бірлескен ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды.
