
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Ашық Қазақстан 500+» көші-қон саясатының тұжырымдамасын әзірледі. Құжат елдің экономикалық дамуын кадрлық қамтамасыз етуді қолдауға бағытталған. Бұл туралы Үкімет отырысында0020Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
«Бұл жерде ішкі көші-қонның басты мақсаты азаматтарды көшіру емес, оларды жұмыс күші тапшы өңірлерде жұмыс орындарын ашу және жұмыс күшінің өңіраралық теңгерімсіздігін шешу болып табылады. Әзірленген тұжырымдама жобасы облыс әкімдіктерімен келісіліп, қыркүйек айында Үкіметтің қарауына енгізілетін болады», - деді ол.
Қазіргі уақытта еліміздің түрлі өңірлеріне 1147 отбасы немесе (және) 3,8 мың адам көшірілді. Бұл жоспарланған көрсеткіштердің 47% - ын құрайды.
«Қоныс аударушылар арасында 540 адам – шетелден келген қандастар. Өңірлер бөлінісінде қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау бойынша жоғары көрсеткіштерге Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында қол жеткізілді, Қарағанды және Ұлытау облыстарында артта қалушылық байқалады. Қоныс аударушылардың жартысына жуығы немесе 44%-ы 29 жасқа дейінгі даму әлеуеті жоғары жастар. Түркістан және Алматы облыстарының тиімді әрекеттері 2 мыңға жуық азаматтың қоныс аударуына ықпал етті», - деп бөлісті министр.
Үкімет отырысында министр халықты жұмыспен қамту шаралары туралы да айтты. 2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 296 мың адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 153 мың адам немесе жұмыс берушілердің ағымдағы бос жұмыс орындары бойынша жалпы санының 52%-ы, 122 мыңы мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына, 20 мыңы Ұлттық жобалар шеңберінде жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылған азаматтардың 55% немесе 163 мыңы тұрақты жұмыс орындарына ие болды.
«Ұлттық жобалар аясында жұмысқа орналасқан 20 мың азаматтың тек 38% - ында ғана зейнетақы жарналары бар. Ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау облысына – 2,4%, Батыс қазақстан облысына - 9,2%, Шығыс Қазақстан облысына - 18,2% тиесілі. Сондықтан облыстар мен қалалардың әкімдері ұлттық жобалар аясында құрылатын жұмыс орындарының аздығына және зейнетақы жарналарының аз түсуіне ерекше назар аударуы қажет», - деп атап өтті.
Деректер көзі : https://kapital.kz/gosudarstvo/107798/mintruda-razrabotalo-proyekt-kontseptsii-migratsionnoy-politiki.html 2022 жылдың 2 қыркүйегі.