Еңбек министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында 2026 жылы еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілейді

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағында 2026 жылы еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілеу туралы» Министрдің бұйрық жобасын әзірледі. Құжат туралы ақпарат қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланатын болады.

Аталған жоба жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар негізінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаға қатысты болады – бұл квота республикадағы жұмыс күшінің жалпы санына шаққанда 0,25% көлемінде белгіленеді.

Сонымен қатар, Қазақстанға тартылатын шетелдік азаматтардың жалпы санын сақтау мақсатында жеке тұлғалар арқылы тартылатын еңбек мигранттарына арналған квота жұмыс күшінің жалпы санына шаққанда 2,9% деңгейінде айқындалады.

Дата публикации
17 ноября 2025