«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын еңбекші-мигранттардың Түркия Республикасындағы және Түркия Республикасының азаматтары болып табылатын еңбекші-мигранттардың Қазақстан Республикасындағы еңбек қызметі және құқықтарын қорғау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына баспасөз-релизі

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын еңбекші-мигранттардың Түркия Республикасындағы және Түркия Республикасының азаматтары болып табылатын еңбекші-мигранттардың Қазақстан Республикасындағы еңбек қызметі және құқықтарын қорғау туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 34-тармағына сәйкес әзірленді.

Мақсаты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын еңбекші-мигранттардың Түркия Республикасындағы және Түркия Республикасының азаматтары болып табылатын еңбекші-мигранттардың Қазақстан Республикасындағы еңбек қызметі және құқықтарын қорғау туралы келісімге қол қою болып табылады.

Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

2025 жылғы 22 шілдеде қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
22 июля 2025