Баспасөз хабарламасы
10.01.2024 ж. Астана қ.
Министрлік қандастарды және олардың отбасы мүшелерін тіркеу бойынша қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталығына жіберілетін әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекітеді
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту мақсатында ведомство басшысының "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 312 «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру бойынша түсініктемелерді бекіту туралы бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрығын қабылдайды.
Құжат «Қандастарды және олардың отбасы мүшелерін қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталығына жіберілетін тіркеу журналы» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекітуді көздейді