«Квота бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
65-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларының 21-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.«Квота бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 1 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бөлінген 2024 жылға арналған еңбекші көшіп келушілерді тартуға арналған квотада:

реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

19

Астана  қаласы

23 000

                                                                                                                   »;

«Жиыны» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

 

ЖИЫНЫ:

289 830

                                                                                                                        ».

2.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

1) оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

2) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
А.М. Ертаевқа жүктелсін.

4.Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

бұйрык
Дата публикации
30 сентября 2024