«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32977 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарында:

2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және жұмыс істейтін заңды тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, еңбек шартын бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру»;»;

мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2 тармақтармен толтырылсын:

«2-1. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 103 - бабы
2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес  Ішкі еңбек нарығында тиісті кандидатураларды іздеуді жұмыс беруші бос жұмыс орындарының болуы туралы мәліметтерді электрондық еңбек биржасына (www.enbek.kz) жіберу жолымен жүзеге асырады  сәйкес жүзеге асырылады.

Жұмыс беруші электрондық еңбек биржасына бос жұмыс орнының болуы туралы мәліметтерді берген күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн өткен соң орналастырылған бос жұмыс орнын жариялау кодын көрсете отырып, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру туралы өтініш жібереді.

2-2. Өтінішті жолдау кезінде «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесі тартылған шетелдік қызметкерлермен тіркелген еңбек шарттары туралы деректерді алу үшін «Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі»
(бұдан әрі – ЕШЕБЖ) және «Көші-қон полициясы» ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде және Қағидалардың
39-тармағында көзделген тәртіппен тартылатын шетелдік жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттары ЕШЕБЖ-да тіркелуге жатпайды.»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін алу үшін жұмыс беруші не ол уәкілеттік берген тұлға «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға ұсынады www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – ЭҮП) және migration.enbek.kz порталы арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет талаптары) Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішті ұсынады.»;

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Жергілікті атқарушы органның қызметкері жұмыс беруші мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес өтініш пен құжаттарды ұсынған кезде оларды қабылдауды және тіркеуді өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Жұмыс беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), бергені үшін алымды төлеу туралы мәліметтер жұмыс беруші рұқсаттарды тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген сәттен бастап алты жұмыс күні ішінде құжаттарды Мемлекеттік көрсетілетін қызмет талаптар тізбесіне сәйкестігін қарайды.»;

8-тармақтың алтыншы және жетінші бөліктері алып тасталсын;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Жергілікті атқарушы орган шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты беру, ұзарту не беруден немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде «ӘІБТ», «Көші-қон полициясы» және «ОТиБ, «ШЖК», «ЕШЕБЖ»  ақпараттық жүйелерінен шешім қабылдау үшін қажет мәліметтерді ескереді.»;

11-тармақ алып тасталсын;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Төртінші санат бойынша рұқсат беру кезінде жұмыс беруші алты айдан бір жылға дейінгі кезеңде шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық азаматтарға бірдей лауазымдар немесе төртінші санатқа жататын өзге де лауазымдар бойынша ауыстыруды жүзеге асырады.

Рұқсаттарды беру кезінде міндеттемелерді жұмыс берушімен келісу осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған жұмыс берушілер шетелдік жұмыскерлерді қазақстандық азаматтарға ауыстыру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді осы Қағидалардың
11-қосымшасына сәйкес migration.enbek.kz ақпараттық жүйесіне енгізеді.»;

20-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жұмыскерлер саны 20 адамнан аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектілері;»;

22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін жұмыс берушілерден «Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 157 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені және (немесе) ұзартқаны үшін алым мөлшерлемелеріне сәйкес салық алымы (бұдан әрі – алым) алынады.

Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу немесе ұзарту кезінде біреуден артық әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде алым рұқсатта көрсетілген әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік бюджетіне төленеді.

Осы Қағидалардың 25-тармағының 2-1) тармақшасында көзделген он екі айдан аспайтын мерзіммен берілетін рұқсаттар, алым беру мерзіміне сәйкес келетін еселікте төленеді.

Корпоративішілік ауыстыру шеңберінде бірнеше әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде берілетін рұқсаттар тегін негізде жүзеге асырылады.»;

мынадай мазмұндағы 24-1 тармақтармен толтырылсын:

«24-1. Жұмыс берушілер шетелдік жұмыскерлерімен жасалған еңбек шарттары бойынша мәліметтерді беруді Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің (бұдане әрі – Кодекс) 23-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес еңбек шартын тіркеуді және «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20201 болып тіркелген) сәйкес шетелдік жұмыскердің жеке сәйкестендіру нөмірін алуды қамтамасыз етеді.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар мерзімінде:

1) бірінші санат үшін – рұқсат беру мерзімін бір, екі немесе үш жылға ұзарту құқығымен жұмыс берушінің бір, екі немесе үш жылға арналған өтініші негізінде;

2) екінші және үшінші санаттар үшін – он екі айға, он екі айға ұзартыла отырып, бірақ үш реттен аспайтын мерзімге;

2-1) екінші және үшінші санат бойынша банк саласының жұмыскерлері үшін – жұмыс берушінің өтініші негізінде бір, екі немесе үш жылға ұзарту құқығымен бір, екі немесе үш жыл мерзімге;

3) төртінші санат үшін – ұзарту құқығынсыз он екі айға;

4) маусымдық шетелдік қызметкерлер үшін – ұзарту құқығынсыз күнтізбелік тоқсан, жүз сексен, екі жүз жетпіс, үш жүз алпыс бес күнге дейін беріледі.»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай жағдайларда берілмейді:

1) бөлінген квота мөлшерінен асып кеткен және (немесе) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32955 болып тіркелген)10-тармағына сәйкес, Комиссия жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған өтінімдерін қабылдаудан бас тартқанда;

2) жұмыс беруші осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген шарттарды сақтамаған;

3) төртінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін алмастыру жөніндегі міндеттемелерді орындамаған;

4) осы Қағидалардың 40-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес кері қайтаруға байланысты. Мұндай жағдайларда мұндай факт анықталған күннен бастап он екі ай ішінде жаңа рұқсаттар берілмейді;

5) шетелдік жұмыс күшінің білім деңгейі (кәсіби даярлығы) және практикалық жұмыс тәжірибесі (еңбек өтілі) кәсіптік стандарттарға, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 16-1) тармақшасында көзделген тәртіппен бекітілетін Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының, Кодекстің 16-бабының 16) тармақшасында көзделген тәртіппен бекітілген үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес жұмысшы кәсіптеріне және басшылар, мамандар және қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілмейді;

6) шетелдік жұмыскерлердің еңбек шарттарын бұрын берілген
рұқсаттар бойынша еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі
ЕШЕБЖ-де тіркеу болмаған кезде»;

мынадай мазмұндағы 27-1 тармақпен толтырылсын:

«27-1. Жергілікті атқарушы орган білім туралы құжаттарды заңдастыруды жүргізудің түпнұсқалығын белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне тиісті сұрау салулар жібереді.

Білім беру құжаттарында қойылған апостильдің түпнұсқалығын анықтау үшін апостиль қойған мемлекеттің елшілігіне сұрау салу жібереді.»;

29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Басқа шетелдік қызметкерге бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеу туралы шешімді жергілікті атқарушы орган құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.»;

31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Жергілікті атқарушы орган ұсынылған құжаттар негізінде құжаттарды қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру мерзімін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Жергілікті атқарушы органның рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы оң шешімі болған кезде рұқсат осы Қағидалардың 25-тармағында көзделген мерзімге ұзартылады, бұл ретте рұқсаттың қолданылу мерзімі бұрын берілген рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен басталады.»;

39 және 40 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Егер Қазақстан Республикасында өз қызметін филиал, өкілдік құрмай      жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші өз қызметкерлерін жабдықты монтаждау және пайдалануға беру бойынша жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге арналған келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда не егер шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші өз қызметкерлерін жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасына жіберген жағдайда шетелдік заңды тұлғаның еншілес ұйымы, өкілдігі, филиалы, онда осындай шетелдік заңды тұлға-жұмыс берушінің тікелей немесе жанама түрде акциялары немесе қатысу үлестері болса, онда пайдасына жұмыстар, қызметтер орындалатын ұйымның уәкілетті тұлғасы ЭҮП арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыру орны бойынша жергілікті атқарушы органға өтініш береді.

Осы тармақтың әрекеттері Кодекстің 137-1-бабына сәйкес Персоналды ұсыну бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаларға-жұмыс берушілерге қолданылмайды.»;

40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«40. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат мынадай фактілер анықталған жағдайларда кері қайтарылады:

1) рұқсатта көрсетілген лауазымға сәйкес келмейтін кәсіп немесе мамандық бойынша шетелдік қызметкерді тарту;

2) жұмыс берушінің осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген шарттарды сақтамауы.  Бұл ретте жергілікті атқарушы орган саны осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген пайыздық қатынастардан асатын соңғы берілген рұқсаттарды кері қайтарып алады;

3) жұмыс беруші рұқсатты алу немесе ұзарту үшін дәйексіз құжаттарды ұсынса.

Осы тармақта көзделген жағдайлар осындай факт анықталған күннен бастап он екі ай ішінде рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.»;

50-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

62-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын: «

6) бұрын берілген рұқсаттар бойынша ЕШЕБЖ-де шетелдік жұмыскерлерді корпоративішілік ауыстыру туралы еңбек шарттарын немесе хатты/келісімді тіркеу болмаған кезде.»;

64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«64. Корпоративішілік басқа шетелдік қызметкерге ауыстыру шеңберінде шетелдік жұмыс күшін тартуға бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеу туралы шешімді жергілікті атқарушы орган құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.»;

66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«66. Рұқсатты ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қағидаларға сәйкес құжаттар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.»;

80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«80. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алған жұмыс берушілер ақпараттық жүйеге ерекше шарттардың орындалуы және тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес migration.enbek.kz енгізеді.

2 және 11-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Дата публикации
05 августа 2024