«Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығының жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығымен бекітілген Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын жетілдіру мақсатында жұмыс берушінің шетелдік жұмыскерді тарту туралы, атап айтқанда жергілікті атқарушы орган берген шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың/еңбекші көшіп келушіге берілген рұқсаттың нөмірі не тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырудың негізі туралы қосымша ақпаратты беруі бөлігінде өзгеріс енгізіледі.

Дата публикации
24 июня 2024