Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Босқын мәртебесін беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес іске асыру мақсатында әзірленді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
2024 жылғы 29 мамырда бұйрық жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.