«Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 259 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 маусымдағы № 474 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
36-1-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидаларында:
2-тармақтың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«8) «шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – «ШЖК» ААЖ) – жұмыс берушілер мен еңбекші көшіп келушілер үшін мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруға арналған әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі құрамындағы жүйе.;
9) migration.enbek.kz ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – көші-қон қызметтері порталы) – көшіп-қонушылардың есебі мен қозғалысын, сондай-ақ көші-қон саласында қызметтер көрсетудің мониторингін қамтамасыз ететін цифрлық экожүйенің ішкі жүйесі Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz).»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы шетелдік жұмыскерлер санаттары мен санының тізбесін айқындау туралы өтінішті (ерікті нысанда) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес негіздемесін қоса бере отырып, арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына береді.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат.»;
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
«4-1. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы мынадай шарттарды сақтайды:
1) персоналды ұсыну бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын жіберуші Тараптың жұмыскерлерін ескере отырып, бірінші және екінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 70%-ы Қазақстан Республикасы азаматтарының саны;
2) персоналды ұсыну бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт шеңберінде еңбек қызметін жүзеге асыратын жіберуші Тараптың жұмыскерлерін ескере отырып, үшінші және төртінші санаттарға жататын жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде 90%-ы Қазақстан Республикасы азаматтарының саны.
Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу кезінде шетелдік жұмыскерлер арасында «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің азаматтары есепке алынбайды.
Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпаратты жұмыс беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жергілікті атқарушы органға ұсынады.
4-2. Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының 5-тармағында көзделген шетелдік жұмыскерлер санаттары қолданылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарайды.
Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы оларды арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына пысықтауға қайтарады.
Осы Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тартуға арналған арнайы экономикалық аймақ қатысушысының өтінішін пысықтауға қайтару арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына қайта жүгінуге кедергі болмайды.
Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары осы Қағидалардың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында мазмұндалған құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынады, олар арнайы экономикалық аймақтың қатысушысында сақталады.
Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шетелдік қызметкерлердің кәсіптік стандарттармен, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығымен, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларымен, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығымен белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.
Осы Қағидалардың 4-тармағында және 5-тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттар ұсынылған кезде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы оларды көші-қон қызметтері порталы арқылы қарау үшін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті органға жолдайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган «ШЖК» ААЖ-ға келіп түскен күні арнайы экономикалық аймаққа қатысушының өтінішін тіркейді және арнайыэкономикалық аймақты басқару органы ұсынған материалдар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде келіп түскен материалдарды комиссия мүшелеріне қарау үшін жолдайды.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Егер комиссия мүшелерінің кемінде жартысы дауыс берсе, комиссияның шешімі заңды болып есептеледі.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Комиссияның шешімі «ШЖК» ААЖ-да арнайы экономикалық аймақтың әрбір қатысушысына қатысты жеке қабылданады және ресімделеді.».
13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Комиссия мүшелерінің арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша хатшы «ШЖК» ААЖ-да хаттама ресімдейді, оған комиссия отырысы өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде автоматтандырылған жұмыс орны арқылы комиссия мүшелері қол қояды.
17-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) жұмыс берушінің осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген шарттарды сақтамауы негіз болып табылады.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген
іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |
|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі _______________ С. Жақыпова |
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі ___________________ Қ. Шарлапаев
|