«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының жұмыскерлерін Қатар мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасы Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2023 – 2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 34-тармағына сәйкес әзірленді.
Мақсаты Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Катар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының жұмыскерлерін Катар мемлекетінде жұмысқа орналастыруды реттеу үшін келісімге қол қою болып табылады.
Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.