Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Квота бөлу туралы» 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 1 бұйрығы

Квота бөлу туралы

 

 

   «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
11-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн шетелдiк жұмыс күшiн тартуға 2024 жылға арналған квота облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың арасында:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шетелдік және маусымдық жұмыскерлердің санаттары бойынша;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес еңбекші көшіп келушілерді тартуға бөлінсін.

  1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Көші-қон комитеті осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде:

1) оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

2) осы бұйрықты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр                                                                  С. Жақыпова

 

Дата публикации
04 января 2024