Қазақстан Республикасының
аумағында еңбек қызметін жүзеге
асыру үшін шетелдік жұмыс күшін
тартуға 2024 жылға арналған
квотаны белгілеу туралы
«Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар бойынша 0,23% мөлшерінде;
2) еңбекші көшіп келушілерді тартуға 3,1% мөлшерінде белгіленсін.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың немесе астананың әкімдіктеріне жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.
|
Министр |
|
С. Жақыпова |