2023 жылғы 1 қарашадағы қандастар мен қоныс аударушылардың әлеуметтік шаралармен қамтылғандардығ үлесі

Қандастар мен ішкі қоныс аударушылардың жүгінгендер санынан әлеуметтік шаралармен қамтылғандарың саны

2023 жылғы 1 қарашаға өтініш білдіргендердің ішінен қандастар мен ішкі қоныс аударушыларды әлеуметтік шаралармен қамту үлесі 43,3% құрайды

Барлығы 7 992 адам мемлекеттік шаралармен қамтылды, оның ішінде 2 652 адам жұмысқа орналастырылды, 809 адам шағын несиелер берілді.

Анықтама:

2023 жылы қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау квотасы 8 652 адамды құрайды (1 925 қандас, 6 727 қоныс аударушы), бұл 2022 жылмен салыстырғанда 566 адамға артық.

2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 7 992 адам (2 272 отбасы) қоныс аударды, оның ішінде 6 122 қоныс аударушылар, 1 870 қандастар.

Қоныстану өңірлері бөлінісінде Павлодар – 3 182 адам, СҚО – 2 563 адам, Қостанай – 961, Абай – 378 адам, Ақмола – 270, ШҚО – 544, Қарағанды – 29, Ұлытау – 65 облысына.

Қандасы қоныстанған өңірлерге Моңғолиядан – 914 адам, Өзбекстаннан – 396 адам, Ресейден – 244 адам, ҚХР – 248, Ауғанстаннан – 7 адам, Түркіменстаннан – 51 адам, Ираннан – 6 адам, Қырғызстаннан – 4 адам келді.

Еңбекке қабілетті жастағы 3 778 адам келгендердің ішінен тұрақты жұмыс орындарына 2 628 адам жұмысқа орналастырылды.

Көзделген мемлекеттік қолдау:

– көшуге-отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК-тен біржолғы төлем;

- бір отбасына 15-тен 30 АЕК-ке дейін 12 ай ішінде ай сайын төленетін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды жабу үшін;

- қоныс аударуға жәрдем көрсететін жұмыс берушілер үшін субсидиялар мөлшерінде

400 АЕК.

- қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдама;

- жұмысқа орналасуға немесе кәсіпкерлік бастаманы дамытуға жәрдемдесу.

- экономикалық ұтқырлық сертификаттарын беру

Тұрғын үй сатып алу, салу үшін немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін біржолғы өтеусіз және қайтарымсыз негізде тұрғын үй құнының 50% - ы немесе бір отбасына 4 млн. теңгеге дейін мөлшерінде экономикалық ұтқырлық сертификаты енгізілді;

Дата публикации
15 ноября 2023