Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) және Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы (бұдан әрі-– БҰҰ БЖКБ) БҰҰ БЖКБ-ның Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Түрікменстандағы және Өзбекстандағы өкілдігі атынан, бұдан әрі Тарап ретінде және жиынтығында Тараптар деп аталатын,

әрбір адамның басқа елдерде қудалаудан пана іздеу және
1948 жылғы 10 желтоқсандағы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 14-бабының 1-тармағында бекітілген және  Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 15 желтоқсанда қосылған, Босқындардың мәртебесі туралы 1951 жылғы конвенцияның және оған 1967 жылғы Хаттаманың барлық ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы мен босқындарды қорғау және интеграциялау жөніндегі мемлекет органдарының міндеттемелері, және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын адам құқықтары саласындағы басқа да халықаралық нормалар мен келісімдері, сондай-ақ әдеттегі халықаралық құқық нормаларына сай осы пананы пайдалану құқығын тани отырып;

Министрлік келесілерге жауапты мемлекеттік орган болып табылатынын назарға ала отырып:

1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;

2) өз құзыреті шегінде босқындар мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

3) босқындар мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру және әдістемелік басшылық ету;

БҰҰ БЖКБ өзінің 1950 жылғы Жарғысы және Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының кейінгі қарарлары негізінде босқындарды қорғау және интеграциялау бойынша Қазақстан Республикасына мониторинг жүргізуге және қолдау көрсетуге уәкілетті екенін назарға ала отырып;

босқындарға, пана іздеушілерге халықаралық қорғау және гуманитарлық көмек көрсету саласында тығыз ынтымақтастық орнатуға және қолдауға Тараптардың өзара мүдделілігін атап көрсете отырып;

жоғарыда айтылғандарды ескере отырып және ізгі ниет білдіре отырып, төмендегілер туралы өзара түсіністікке келді:

 

Жалпы принциптер

  1. Өз құзыреттері шеңберінде және ресурстар болған жағдайда Министрлік пен БҰҰ БЖКБ тығыз ынтымақтастықта әрекет етеді және ортақ мүддені білдіретін барлық мәселелер бойынша консультациялар өткізетін болады.
  2. Әрбір Тарап мүмкіндігінше және өз құзыретіне сәйкес өзара келісілуі тиіс рәсімдерге сай ынтымақтастық жөніндегі өтініштерге оң ден қоюға ұмтылады.

 

Ынтымақтастық бағыттары

  1. Қосымша салалардағы ынтымақтастыққа нұқсан келтірместен, өз құзыреттері шеңберінде және ресурстар болған жағдайда Тараптар ынтымақтастықтың келесі салаларын қарауға дайын:
  2. a) БҰҰ БЖКБ заңнамалар мен ұсынымдарды әзірлеу кезінде пана іздеушілер мен босқындарды қорғау туралы халықаралық құқық нормаларына сәйкес келетін консультациялар беру;
  3. b) босқындарды қорғау мәселелерінде, оның ішінде ынтымақтастық, диалог және азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдарды қолдау арқылы хабардарлықты арттыру бойынша озық тәжірибені іске асыруда Министрлікке қолдау көрсету;
  4. c) БҰҰ БЖКБ пана іздеушілер мен босқындарға қатысты оның функцияларын орындауда көмек көрсету;
  5. d) қажет болған жағдайда, бірлескен хабарламалар мен пресс-релиздер;
  6. e) тиісті кеңестерге, конференцияларға және дөңгелек үстелдерге қатысу.

 

Бірлескен жұмыс

  1. Министрлік пен БҰҰ БЖКБ қызығушылық тудыратын бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыруға ниетті.
  2. Министрлік пен БҰҰ БЖКБ мұны орынды деп тапқан кезде, қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша консультация беру үшін әрбір жағдайда өзара келісілген шарттарда жұмыс топтарын немесе консультативтік органдарды құра алады.

 

Тараптар арасындағы ынтымақтастық

  1. Министрлік пен БҰҰ БЖКБ Тараптар арасындағы тиімді ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдауға ниетті.

 

Меморандумның қолданылу барысы

  1. Тараптардың уағдаластығы бойынша Тараптар осы меморандумның ережелеріне сәйкес қол жеткізілген жоспарлар мен нәтижелерді талқылау және оны неғұрлым толық және табысты іске асыру үшін одан әрі шаралар әзірлеу үшін тұрақты кездесулер өткізуге ниетті.
  2. Тараптардың әрқайсысы шеккен шығыстарды қоса алғанда, бірлескен жобалар мен іс-шараларды іске асыруға әрбір Тараптың қатысу шарттары жекелеген уағдаластықтар арқылы келісіледі.

 

Қосымша келісімдер

  1. Ынтымақтастық және үйлестіру мақсатында Министрлік пен
    БҰҰ БЖКБ олар қалаулы деп саналуы мүмкін қосымша келісімдер жасаса алады.

 

Зияткерлік меншік

  1. Осы меморандумға сәйкес, егер Тарап өзге шешім қабылдамаса, қызмет нәтижесінде алынған зияткерлік меншік құқығының барлық объектілері объект жасалған Тараптың меншігі болып қалады.
  2. Әрбір Тараптың логотипін жүзеге асырылатын қызметке немесе осы меморандумға сәйкес дайындалған кез келген материалдарға байланысты пайдалану екінші Тараптың алдын ала жазбаша келісімін талап етеді.

 

Күшіне енуі, түзетулер және қолданылу мерзімі

  1. Осы меморандум оған тараптар қол қойған күннен бастап үш жыл ішінде қолданылады.
  2. Тараптар өзара жазбаша келісім бойынша осы меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады. Осы меморандумда көрсетілмеген Тараптар арасындағы ынтымақтастыққа қатысты кез келген мәселелер Тараптардың жеке талқылауына және келісуіне жатады.
  3. Осы меморандум халықаралық шарт болып табылмайды және халықаралық құқықпен реттелетін құқықтар мен міндеттерді туғызбайды. Осы меморандум Тараптардың ешқайсысы үшін де ешқандай құқықтық және қаржылық міндеттемелерге әкеп соқпайды.
  4. Әрбір Тарап осы меморандумды қолдануды тоқтату ниеті туралы екінші Тарапқа оны қолдану тоқтатылғанға дейін бір ай бұрын жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабардар ете алады.
  5. Осы меморандумның ешбір ережелері Тараптардың жарғылық құжаттарында немесе халықаралық құқықта айқындалған қандай да бір артықшылықтарынан немесе иммунитеттерінен тікелей білдірілген немесе болжамды бас тарту ретінде түсіндірілмеуге тиіс.

 

 

2023 жылғы ____________________ Астана қаласында екі данада, әрқайсысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қол қойылды.

 

 

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшін

 

Біріккен Ұлттар Ұйымының

Босқындар жөніндегі

Жоғарғы комиссарының

басқармасы үшін

 

 

__________________________

 

 

 

_________________________

Тамара Дүйсенова,

Министр

 

Ханс Фридрих Шоддер,

Өкіл

 

 

Дата публикации
15 июня 2023