ҚР Президенті жанындағы ОКҚ кездесуінде Көші-қон комитеті төрағасының м. а. сөзі

Қайырлы күн, құрметті брифингке қатысушылар!

 Сіздерге қазіргі кездегі еліміздегі көші-қон саясатына қатысты қысқаша тоқталуға рұқсат етіңіздер.

  2-слайд

Көші-қон саясатын іске асыру – тығыз ведомствоаралық қарым-қатынастың нәтижесі. Ол жоғары түрдегі үйлестіруді қажет етеді. Іс жүзінде көші-қон саясатын төрт мемлекеттік орган (ІІМ, СІМ, Еңбекмині, ҰҚК) және жергілікті атқарушы органдар іске асыруда. Бұл ретте, бұған дейін барлық көші-қон процесін қамту мен осы саясатты іске асыруда тиісті алгоритімі, сондай-ақ, босқындар мен пана іздеп келгендер бойынша мемлекеттік органдардың бірқатар ақпараттық жүйлері арасында байланыс болмағандығын атап өткен жөн.

Сонымен қатар әлемдегі геосаяси өзгерістерге орай ағымдағы және күтілетін ішкі және сыртқы сын-талаптарға жауап бере алатындай көші-қон саясатын ұдайы жетілдіру қажет.

Айта кететін жайт, 2022 жылы (мемлекеттік шекарадан бірнеше рет өту арқылы) елімізге келген шетелдіктер саны 7 млн. 934 мың 138 құрады, ал шыққандар саны – 7 млн. 751 мың  494 құраған.

Аталған шетелдік азаматтардың негізгі мақсаты, жеке мақсатта, халықаралаық тасымал, жұмыс барысымен, транзит ретінде, қызметтік іс-сапар, туризм, оқу және т.б.

Сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының (шекарадан бірнеше рет өткенін ескерген жөн) шекара асып кеткендер саны 7 млн. 080 мың 923 құраса (нақты – 2 877 228), келгендердің саны 6 млн. 965 мың 067 (нақты – 2 818 205) құрады.

Выступление и.о. Председателя Комитета по миграции на встрече СЦК при Президенте РК
Дата публикации
07 марта 2023