
2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген, заңтану.
2018 жылы Астана университетін бітірген, заңтану.
2023 жылы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін бітірген, экономика.
2008 жылдан 2009 жылға дейін - «Кіші және орта бизнесті құқықтық қорғау заңгерлер одағы» Ассоциациясының заңгері, Шымкент қаласы.
2009 жылдан 2015 жылға дейін - «Тәуелсіз заңгерлер» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Шымкент қаласы.
2015 жылы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаменті Наразылық-талап жұмысы басқармасының сарапшысы, Астана қаласы.
2015 жылдан 2017 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаменті Құқықтық талдау басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы.
2017 жылы - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Заң қызметі департаменті Құқықтық талдау және наразылық-талап жұмысы басқармасының басшысы, Астана қаласы.
2017 жылдан 2018 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Заң қызметі департаменті Құқықтық сараптама басқармасының басшысы, Астана қаласы.
2018 жылдан 2020 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Заң қызметі департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы.
2020 жылдан 2021 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті директорының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы.
2021 жылдан 2022 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аппараты Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты, Нұр-Сұлтан қаласы.
2022 жылдан 2026 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаментінің директоры, Астана қаласы.
2026 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы, Астана қ.